Роналду жаттығатын алаңда. "Интер" мен "Милан" Италия суперкубогінің жеңімпазын анықтады

©globallookpress.com

"Интер" Италия суперкубогінің финалында "Миланды" ұтты. Эр-Риядтағы "Фахд патша атындағы халықаралық" сатдионында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші таймда-ақ Федерико Димарко мен Эдин Джеко 10 және 21-минутта гол соқты. Ал үзілістен кейін Лаутаро Мартинес 77-минутта матч есебіне нүкте қойды.

"Интер" Италия суперкубогін осымен екінші жыл қатар ұтып отыр. Жалпы "нерадзурри" бұл трофейді жетінші рет иеленіп, турнирдегі жеңіс көрсеткіші бойынша "Миланға" жетіп алды.

Айта кетейік, Италия суперкубогінің финалы өткен алаң португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду жақында ауысқан "Әл-Наср" клубының стадионы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар