Роналду жаңа клуб іздей бастады

©Reuters

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа клуб іздестіруде, деп жазады Marca басылымы.

Басылымның хабарлауынша, Роналду Чемпиондар лигасында ойнайтын команда қарастыруда. Алайда оның жоспарында "Реал" жоқ. Бір жағынан "корольдік" клуб трансферлік маусымда жаңа шабуылшы іздестіргенімен, португалиялық форвардпен келіссөздер жүргізбеген.

Еске салайық, Криштиану Роналду 2009-2018 жылдары "бланкос" сапында ойнап, кейін "Ювентуске" ауысты. Ал өткен маусымда өзі доп тепкен "Манчестер Юнайтедке" қайта қосылды.

Роналдудың "қызыл сойқандармен" келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған. 2021/22 жылғы маусымда ол "МЮ" сапында 38 матчта 24 гол салды. Сонымен қатар, үш рет нәтижелі пас берді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар