Роналду жалғандық детекторымен ең қызықты сұрақтарға жауап берді

©instagram.com/cristiano

Португалия ұлттық құрамасы мен Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасы шабуылшысы Криштиану Роналду жалғандық детекторы арқылы мансабындағы ең қызықты сұрақтарға шынайы жауап беріп, жанкүйерлерін қуантты. 

Сұрақ: Сүйікті нөмірің 7 ме?
Роналду: Иә.
Нәтижесі: Рас

Сұрақ: Өз атыңды гуглдан іздеп көрдің бе?
Роналду: Көп рет.
Нәтижесі: Рас

Сұрақ: Португалия әлем чемпионатын ұта ма?
Роналду: Иә.
Нәтижесі: Жалған. 

Сұрақ: Өз голдарыңның қайталауын көресің бе?
Роналду: Иә. 
Нәтижесі: Рас

Сұрақ: Қайшылап теуіп соққан голың ең үздігі ме? 
Роналду: Иә. 
Нәтижесі: Жалған. 
Роналду: Мен үшін бұл ең үздік гол. Бұдан қиынын да, әдемісін де көре аласыздар. Бірақ бұл көп факторларға байланысты. 

Сұрақ: АПЛ әлемдегі ең қиын лига ма?
Роналду: Иә. 
Нәтижесі: Рас

Сұрақ: 40 жастан кейін де бабыңда ойнай аласың ба?
Роналду: Иә.
Нәтижесі: Рас

Сұрақ: Нәтижелерің бойынша рекордыңды біреу жаңарта ала ма?
Роналду: Жоқ. 
Нәтижесі: Рас

Сұрақ: Футбол тарихындағы ең үздік сұрмергенсің бе?
Роналду: Иә. 
Нәтижесі: Рас

Сұрақ: Чемпиондар лигасындағы барлық жүлдеңді Әлем чемпионаты кубогына ауыстырар ма едің?
Роналду: Жоқ
Нәтижесі: Рас

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport