Ирандағы ақпарат құралдары португалиялық әйгілі футболшы Криштиану Роналду Иранға қайта барса, оған 99 дүре соғылуы мүмкін екенін жазып жатыр, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қыркүйек айында Роналду ойнайтын Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы Иранға қонаққа барып, жергілікті "Персеполис" командасымен (2:0) Азия чемпиондар лигасының матчын өткізді.
Криштиану Роналду осы сапарында Фәтима есімді мүгедектігі бар суретшімен кездеседі.
Футболшы оны құшақтап сүйген, бірақ Иранның заңы бойынша, қоғамдық орындарда әйелдермен қандай да бір физикалық байланысқа тыйым салады.
Егер португалиялық спортшы Иранға оралса, оған 99 дүре соғылуы мүмкін екен.