41 жастағы Криштиану Роналду екі жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет хет-трик жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Әл-Наср" клубының португалиялық шабуылшысы Сауд Арабиясы чемпионатының 12-туры аясында "Әл-Холуд" қақпасына үш гол соқты. Кездесу Роналду командасының 5:3 есебімен жеңісімен аяқталды.
Роналду соңғы рет 2023/24 жылғы маусымда бір матчта үш гол соққан еді. 2024 жылдың мамырында өткен Сауд Арабиясы чемпионатының 30-туры аясында португалиялық футболшы "Әл-Насрдың" "Әл-Уахданы" 6:0 есебімен ойсырата жеңуіне үлес қосқан болатын.
Бұл хет-триктен кейін португалиялық жұлдыздың кәсіби карьерасындағы гол саны 985-ке жетті.
Биылғы Про-лига маусымында Роналду 10 матчта жеті гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал 2026/27 жылғы АФК Чемпиондар лигасында шабуылшы екі кездесуде бір голдың авторы атанды.