Роналду гол соғып футбол тарихында қалды

©Reuters

Криштиану Роналду Англия чемпионатының 34-турында "Арсенал" қақпасына гол соғып, АПЛ мен Ла Лигада 100 голдан соққан ойыншы ретінде тарихта қалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

37 жастағы шабуылшы "Манчестер Юнайтед" сапында әр жылдары 223 матчта 100 гол соқса, "Реал" сапында 292 ойында 311 рет ерекшеленген.

Португалия құрамасының капитаны "Эмирейтс" стадионында гол салғанына қарамастан, "қызыл сойқандар" 1:3 есебімен ұтылды. Лондондықтардан Нуну Тавареш (3-минут), Букайо Сака (32-минут пенальти) және Гранит Джака (70-минут) көзге түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport