Роналду Германия чемпионатына ауысуы ықтимал

©РИА Новости

"Манчестер Юнайтед" пен Португалия құрамасының ойыншысы Криштиану Роналду карьерасын "Баварияда" жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды AS.

"Бавария" жазда "Барселонаға" ауысып кетуі мүмкін Роберт Левандовскидің орнын басатын ойыншы іздеп отырғандықтан португалиялыққа көз тігіп отыр екен. 

Роналду "МЮ" сапына 2021 жылы тамызда өтіп, 39 матчта 24 гол салды және үш нәтижелі пас берді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport