"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду ФИФА-ның ұйымдастырған салтанатты іс-шарасында марапатталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Швейцарияның Цюрих қаласында өткен кеште Роналдуға ұлттық құрамалар арасында ең көп гол соққан шабуылшы ретінде ерекше сыйлық берілді.
Еске салайық, 2003 жылдан бері Португалия құрамасында ойнап жүрген Роналду 2021 жылы Португалия сапындағы кездесулер санын 184 дейін жеткізді. Сонымен қатар, 115 гол салды.
Осылайша, Роналду осыған дейін аталмыш рекорд тиесілі ирандық шабуылшының жетістігін басып озды. Әли Даеи Иран командасында 1993-2006 жылдар аралығында 149 ойында қарсылас қақпасына 109 гол соққан.