Роналду еуропалық футболға оралуға қатысты нақты шешімін айтты

©"Әл-Наср" ФК

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду еуропалық футболға қайтып оралмайтынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, "Алтын допты" бес рет иеленген футболшы бұрындары португалиялық "Спортинг", англиялық "Манчестер Юнайтед", испаниялық"Реал" және италиялық "Ювентус" сапында өнер көрсеткен. Ал өткен қыста Сауд Арабиясы чемпионатына ауысты. 

"Мен еуропалық футболға оралмаймын, есік тарс жабылды. 38 жастамын, оның үстіне еуропалық футболдың да сапасы түсіп кетті. Тек АПЛ ғана басқа лигалардан бір бас жоғары тұр", - деп береді Роналдудың сөзін инсайдер Фабрицио Романо.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport