Роналду Еуропа лигасындағы "МЮ" жеңісіне қатысты пікір білдірді

©twitter.com/ManUtd

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі молдовалық "Шерифті" ұтқандарына қатыты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Олд Траффорд" стадионындағы кездесу португалиялық үшін "Тоттенхэммен" матчтен алаңнан өз бетінше кетіп қалып, салдарынан жаттығудан шеттелгеннен кейінгі бірінші ойын болды.

Кариштиану молдовалық команда қақпасына бір гол салды. Ал ойын 3:0 есебімен аяқталып, "МЮ" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне өтті.

"Командалық тамаша жұмыс және жақсы жеңіс. Біз біргеміз. Алға, Юнайтед", - деп жазыпты Роналду Instagram желісінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport