Роналду Эрик тен Хагтың "МЮ" бас бапкері болғанына қатысты ойын айтты

©"МЮ" ФК

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду "қызыл сойқандардың" су жаңа бас бапкері Эрик тен Хагтың қызметіне келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Біз ойыншылар мен жанкүйерлер жаңа маусымда жаңа бапкермен жұмыс істеуді тағатсыздана күтіп жүрміз. Жаңа бапкермен үлкен белестерді бағындыруға сенуіміз керек. Эрик тен Хагтың "Аякста" қалай жұмыс істегенінен хабардармын. Ол өте тәжірибелі бапкер. Жаңа қызметінде сәттілік тілеймін", - дейді Роналду клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске салайық, 21 сәуір күні "Манчестер Юнайтед" голландиялық бапкермен 2025 жылға дейін келісімшарт жасасқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport