Футбол
Бүгін 10:32

Роналду деңгейіндегі ойыншы: Перес рекордтық ақшаға кімді алмақ екені айтылды

©Depositphotos/Musiu0

Мадридтік "Реал" клубының президенті Флорентино Перестің рекордтық 150 миллион еуро төлеуге дайын футболшының кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Реал" трансферлік бомба дайындап жатыр

Бұған дейін "Реал" президенті клуб тарихындағы ең қымбат трансфер жүзеге асуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын. Перес болашақ ойыншының есімін атамады, бірақ, оның деңгейі Криштиану Роналдумен шамалас болатынын айтты.

Сондай-ақ, Перес 150 миллион еуро төлеуге дайын футболшы жартылай қорғаушы немесе шабуылшы позициясында ойнайтынын және Англия чемпионатында өнер көрсетпейтінін жеткізді.

"Реал" ПСЖ жұлдызын сатып ала ма?

COPE радиосының мәліметінше, сөз франциялық "Пари Сен-Жермен" клубы мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Жоау Невеш туралы болып отыр.

Бұған дейін де БАҚ беттерінде мадридтік клубтың 21 жастағы футболшыға қызығушылық танытып отырғаны жазылған еді. Невештің ПСЖ-мен жасасқан келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды.

Осы маусымда ол барлық турнирде 38 матч өткізіп, 7 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.


Ал Onda Cero мәліметіне сәйкес, Перес шын мәнінде ПСЖ мен Португалия құрамасының тағы бір ойыншысы – Витиньяны меңзеген болуы мүмкін.

Transfermarkt сарапшылары екі футболшының да нарықтық құнын 140 миллион еуро деп бағалап отыр.

Биылғы маусымда Витинья париждік клуб сапында барлық турнирде 45 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 10 нәтижелі пас авторы атанды. Оның ПСЖ-мен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport