Роналду Чемпиондар лигасында Мессидің рекордынан асып түсті

3 желтоқсан 2020 11:24
Сурет: eurosport.ru

Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында "Барселона" форварды Лионель Мессидің рекордын жаңартты,- деп хабарлайды "Чемпионат".

Бұл топтық кезеңнің бесінші турында болды, онда "Ювентус" өз алаңында киевтік "Динамоны" 3:0 есебімен ұтты.

Бұл ойында бір голды Роналду салды. Португалиялық өз алаңындағы 71-ші голды Чемпиондар лигасында салып, осы көрсеткіш бойынша Мессидің рекордынан (70 гол) асып түсті. Сонымен қоса, Роналду карьерасындағы 750-ші голын салған. 

"Барселона" (15) және "Ювентус" (12) Чемпиондар лигасы 2020/21 маусымының плей-офф кезеңіне өтіп тұр.