Роналду бес жылдан бері бірінші рет "Алтын допты" табыстау шарасына қатысады

©"Манчестер Юнайтед" ФК

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду "Алтын допты" табыстау шарасына қатысады, деп жазады Le Parisien басылымы. 

Соңғы мәрте португалиялық шабуылшы бұл шараға 2017 жылы қатысқан болады. Ол кезде Роналду бұл сыйлықтың иегері атанған болатын. 

Жалпы 37 жастағы футболшы "Алтын допты" бес мәрте иеленген. 

Айта кетейік, биыл "Алтын допты" табыстау шарасы 17 қазан күні өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport