"Роналду, Бензема бар". Сауд Арабиясы футбол бойынша ең мықты елге айналмақ

©Sportliga.com

Сауд Арабиясының корольдер отбасының мүшесі ханзада Абдулла Саад Абдулазиз Аль Сауд футболдан ел чемпионатының мүмкіндігі жайлы ойын айтты. 

"Сауд Арабиясы қазір нарықта нағыз алпауыт құбыжық. Бізде Криштиану Роналду, Карим Бензема бар... Біздің чемпионат өте мықты, ары қарай да таңдандырамыз. Біздің лигаға басқа да жұлдыздар келеді. Аз уақытта Сауд Арабиясы футболдан әлемде бірінші болады", - деп береді ханзаданың сөзін RMC Sport.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport