Роналду "Барселонаға" ауыса ма?

©readfootball

Криштиану Роналдудың агенті Жорже Мендеш өз клиентінің "Барселонаға" ауысуы жайлы алып-қашпа әңгімелерге жауап берді.

"Роналду өзін "Манчестер Юнайтед" сапында бақытты сезінеді. Әдеттегідей ол кезекті командасында әдемі ойын көрсетуін жалғастыра бермек. Криштианудың "қызыл сойқандар" сапында жақсы маусымын өткізетініне сенімдімін", - деп жазады журналист Фабрицио Романо португалиялық агенттің сөзін келтіре отырып.

Еске салайық, Португалия құрамасының капитаны спорттық карьреасында "Спортинг" (3 гол), "Манчестер Юнайтед" (92 гол), "Реал" (311 гол) және "Ювентус" (81 гол) клубтарында ойнаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар