Роналду АПЛ-гі голдар саны бойынша Сульшерді озды
"Манчестер Юнайтед" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Англия чемпионатының 20-турында "Бернли" қақпасына гол соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Манчестер Юнайтед" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Англия чемпионатының 20-турында "Бернли" қақпасына гол соқты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Олд Траффорд" стадионындағы матч 3:1 есебімен аяқталды. "Қызыл сойқандар" сапында Скотт Мактоминей мен Криштиану Роналду ерекшеленді. "Бернли" капитаны Бен Ми автогол авторы атанса, Аарон Леннон қақпашы Давид Де Хеадан айласын асырды.
Осылайша, Португалия құрамасының шабуылшысы Премьер-лигада 92-голын салып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша ол команданың бұрынғы бас бапкері әрі ойыншысы Оле-Гуннар Сульшерді (91 гол) басып озды.
Еске салайық, Роналду 2003-2009 жылдары "Манчестер Юнайтед" сапында өнер көрсетті. 2021 жылдың жазында "Ювентустен" 15 млн фунт стерлингке қайта ауысып келген Криштиану "Юнайтед" сапында 20 ойында алаңға шығып, 13 гол соқты. Футболшының келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған.
Жарнама