Роналду алмастырылған матчте "Әл-Наср" оңбай ұтылды

©"Әл-Наср" ФК

Криштиану Роналду өнер көрсететін саудиялық "Әл-Наср" клубы испаниялық "Сельтадан" оңбай ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz

Португалияның "Алгарве" стадионында өткен жолдастық кездесуде испаниялық команда жауапсыз бес гол салды. 

"Әл-Насрды" алаңға капитан ретінде Криштиану алып шықты да, 48-минутта басқа ойыншымен алмастырылды.

Ал 52-минутта Абдулелах Әл-Амри алаңнан қуылып, Сауд Арабиясының командасы азшылықта қалды. Барлық бес гол осыдан кейін салынғанын айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport