Роналду әлеуметтік желі трихына кірді

© FootBoom
Португалия құрамасы мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдудың Instagram желісіне 200 миллион қолданушы жазылған. Мұндай статистиканы Trackalytics жүргізеді. 

Осылайша Роналду платформа тарихына кіріп отыр - ол тіркелген қолданушылар арасында бірінші болып 200 милллион жазылушы жинады. Португалиялықтан асып тұрған жалғыз акаунт - Instagram желісінің өз парақшасы. 

2019 жылы қаңтарда Роналдуға 150 миллион қолданушы жазылған. Сол жылы қазанда Buzz Bingo футболшы әлеуметтік желіде қанша табыс көретінін есептеді. Бір пост форвард 48,66 миллион долларға дейін алады екен.

Айта кетейік, биылғы маусымда Роналду Италия чемпионатындағы 18 матчте 17 гол салды.