Роналду әлемде әлі ешкім жете алмаған рекорд орнатты

28 қыркүйек 2023 10:35
©twitter.com/AlNassrFC

"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының есебі бойынша, Роналду кәсіпқой деңгейде жеңіліссіз 1000 матч өткізген бірінші футболшы. 

Бұл көрсеткіш азиялық Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бірінші турында "Әл-Наср" тегерандық "Персеполис" командасын ұтқанда тіркелді. Ал содан кейін тағы бір жеңіс тіркелді - Сауд Арабиясының жетінші турында "Әл-Ахлиді" ұтты (4:3). 

Осылайша, Роналду карьерасында 777 ойында жеңіске жетіп, 224 рет тең ойнаған екен.

Жеңіліссіз 1001 матчтің жиырма сегізі "Әл-Наср" сапында (саудиялық клуб үшін жалпы 33 ойын), 284 –  "Манчестер Юнайтедте" (барлығы – 346), 114 – "Ювентусте" (барлығы – 134), 386 – "Реалда" (барлығы – 438), 21 – "Спортингте" (барлығы – 31), 168 – Португалия құрамасында (барлығы – 201).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport