Роналду әлем чемпионатында Мессидің көрсеткішін қайталады

©FIFA

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем чемпионатына қатысу көрсеткіші бойынша Лионель Мессидің көрсеткішін қайталады. 

37 жастағы шабуылшы Гана құрамасына қарсы кездесуде негізгі құрамда алаңға шықты. Осылайша, бұл Роналдудың қатысқан бесінші әлем біріншілігі болды. 

Осыған дейін бұл көрсеткішке Антонио Карбахаль, Рафаэль Маркес, Гильермо Очоа (үшіеуі де - Мексика), Лотар Маттеус (Германия) және Лионель Месси (Аргентина) ие болған еді. 

Роналду бұған дейін 2006, 2010, 2014 және 2018 жылдары әлем чемпионатында ойнаған. 2006 жылы Германияда оның құрамасы төртінші орын алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport