Роналду әлем чемпионатынан не күтетінін айтты

©football-espana.net

Португалия құрамасының көшбасшы ойыншысы Криштиану Роналду Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатына қатысты ойын айтты, деп хабаралйды Vesti.kz.

"Алдағы әлем чемпионатына жасақталған біздің құрама тәжірибелі ойыншылар мен жұлдызы жанып келе жатқан жас футболшылардың үйлесімді тобы. Біз бүкіл әлемге Португалияның қазіргі командасының жоғары деңгейде не істей алатынын паш етеміз деген үміттемін", - деп береді Роналдудың сөзін U.S. News порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап. 

Португалия Н тобына Гана, Уругвай және Оңтүстік Кореямен бірге түсіп отыр. Бірінші ойынды португалиялықтар 24 қараша Ганаға қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport