Футбол
21 маусым 2018 12:07
 
Роналду әлем чемпионатына неге шоқша сақалымен келгенін түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Роналду әлем чемпионатына неге шоқша сақалымен келгенін түсіндірді Криштиану Роналду. Сурет: ©Reuters

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Ресейде өтіп жатқан футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатына неге шоқша сақал өсіріп келгенін түсіндірді. Футбошының ойынша, оның сақалаы командасына сәттілік әкеледі.

"Менің шоқша сақалым? Бұл Испаниямен матч алдындағы әзіл болатын. Мен жолдастарыма Испания қақпасына гол салсам, сақалымды қалдыратынымды айтқанмын. Жолым болды, гол салдым. Мен оны әлем чемпионатын аяқталғанша қалдырамын, Өйткені ол сәттілік әкеледі", - деп келтіреді футболшының сөзін  A Bola.

Еске салайық, 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатында Испания мен Португалия құрамаларының ойыны кезінде Роналду хет-трик жасап, өз командасын жеңілістен құтқарған еді.

Бұл чемпионатта португалиялық футболшы бомбордирлер жарысында үздік келеді. Сонымен қоса, оның Ресейде салған голдарының саны алдыңғы үш әлем чемпионатындағы голдардын қосқандағысынан артық.

Оның үстіне Роналду 2018 жылғы әлем чемпионатында баспен, оң және сол аяқпен де гол салды. Мұның алдында бір чемпионатта денесінің үш мүшесімен гол салған (1966) Жозе Торриш болған.

Ал кей адамдар Роналдудың сақалын аргентиналық Леонель Мессидің әлем чемпионатында лақтармен суретке түскендігімен байланыстырған. 

Жарнама

Живи спортом!