Роналду "Әл-Насрға" қатытсы шешім қабылдады

©instagram.com/cristiano/

"Әл-Наср" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду саудиялық клубпен келісімшартын ұзартуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz.

talkSPORT мәліметінше, 39 жастағы форвард Сауд Арабиясында қалып, қазіргі келісімшарты тағы бір жылға, яғни 2026 жылға дейін созуды жоспарлап отыр екен. 

Бұл ақпаратты журналист Бен Джейкобс те растап отыр. Оның мәліметінше, саудиялық менеджерлер 2025 жылы телевизиялық құқықтың ұзартылуы жоспарланып отырғандықтан Роналдуды командада сақтап қалғысы келеді. Өйткені Криштианудың лигада қалуы ел чемпионатына үлкен әсер етеді деген ойда. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар