Роналду "Аль-Наср" сапындағы алғашқы ресми голын соқты

©

Танымал футболшы Криштиану Роналду "Аль-Наср" клубы сапындағы алғашқы голын соқты. Ойынның соңғы минутында пенальтиді сәтті орындап, командасын жеңілістен құтқарып қалды. 

"Аль-Наср" ойынның соңғы минуттарында 2:1 есебімен ұтылып тұрған. Қосымша уақытта қарсылас қақпасына пенальти белгіленіп, португалдық шабуылшы 11 метрлік айып соққысынан мүлт кеткен жоқ. 

"Сауд лигасында алғашқы голды соққаным үшін бақыттымын, команда ерік-жігерінің арқасында маңызды ойында маңызды ұпай еншіледік", - деп жазды Роналду "Твиттер" желісінде. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: