Португалия құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду Өзбекстанға қарсы матчта дубль авторы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл Роналдудың 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы дублі болды.
Кездесу АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында орналасқан "NRG Stadium" аренасында өтіп жатыр.
Бірінші таймнан кейін Португалия құрамасы 3:0 есебімен алда болды. Кейін өзбекстандық футболшылардың автоголы тіркеліп, есеп айырмасы ұлғая түсті.
Роналду матчтағы алғашқы голын алтыншы минутта соқты. Жоау Канселудың пасынан кейін тәжірибелі шабуылшы допты қақпаның төменгі бұрышына дәл бағыттады.
17-минутта Нуну Мендеш айып добын шебер орындап, Португалияның басымдығын арттырды.
Ал 39-минутта Бруну Фернандештің нәтижелі пасынан кейін Роналду дубль жасап, өз командасының үшінші голын соқты.
Ойынның 60-минутында қарсыластың кезекті шабуылы кезінде өзбекстандықтар өз қақпасына гол соғып алды. ФИФА өзінің ресми статистикасында бұл автоголды Абдуқодир Хусанов салды деп жазыпты. Ал басқа дереккөздер Абдувохид Нематовты атап отыр.
Жарнама