Футбол
10 желтоқсан 2021 07:48
 

Роналду 36 жасында мінсіз күйін қалай сақтап жүргені айтылды

  Пікірлер

blog.share

Роналду 36 жасында мінсіз күйін қалай сақтап жүргені айтылды ©Global Look Press

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Пак Чжи Сун команда шабуылшысы Криштиану Роналдуды туралы ойын айтты. Оның сөзін Goal беріп отыр.

blog.share

"Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Пак Чжи Сун команда шабуылшысы Криштиану Роналдуды туралы ойын айтты. Оның сөзін Goal беріп отыр.

Оның сөзінше, 36 жастағы Роналдудың осы уақытқа дейін бабынан таймауы үздіксіз жаттығу мен өсе беруге тырысуында. 

"Ол допты жанынан тастамайтын, шешінетін орында да, алаңға шығар алдында. Жаттығуға бірінші келіп, соңғы болып қайтатын. Адамдар ол 36 жасында да тамаша ойнайды деп айтады, меніңше, бұл заңды құбылыс. Ғажайып емес, таза еңбек", - дейді Сун. 

Мұның алдында "Манчестер Юнайтед" бапкері Ральф Рангник те осынша жасқа келген ешбір футболшының Роналдудай күйде болғанын көрмегенін айтқан еді.

Сун мен Роналду "МЮ" сапында 2005-2009 жылдары бірге ойнады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!