Футбол
10 қаңтар 2017 11:03
 

Роналду 2016 жылдың үздік футболшысы атанды

  Пікірлер

blog.share

Роналду 2016 жылдың үздік футболшысы атанды Сурет fifa.com сайтынан алынды

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) 2016 жылдың үздіктерін марапаттады.

blog.share

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) 2016 жылдың үздіктерін марапаттады.

Швейцарияның Цюрих қаласында өткен салтанатты шарада Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду жылдың үздік футболшысы атанды. ФИФА биыл жылдың үздік футболшысына «The best» сыйлығын тағайындады.

Алғаш рет бұл марапатқа Криштиану Роналду ие болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша португалдық «Барселона» ойыншысы Лионель Месси мен «Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманнды басып озды.

Қыздар арасында 2016 жылдың үздік футболшысы ретінде америкалық Карли Ллойд танылды.

 Ал өткен маусымда «Лестермен» ағылшын премьер-лигасында чемпион атанған Клаудио Раньери жылдың үздік жаттықтырушысы атанды.

Жарнама

Живи спортом!