"Эвертоннан" ұтылғаннан кейін Криштиану Роналду жанкүйердің телефонын шағып тастағанына қатысты дау әлі басылар емес. Sports.ru мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаның толық видеосы жарияланған.
"Ол португалиялықтың аяғын ғана түсірмек болған сияқты", - деп жазыпты басылым.
Жасөспірімнің анасы ұлының аутизм және диспраксия сырқаты барын айтып сұхбат беріпті. Оның сөзінше, ұлының қолы көгеріп қалған.
"Қатты жыладым. Джейкоб үйге келгенде ғана бәрін сезінді. Енді оны футболға қайта апару қиынға соғады. Бұл оның өміріндегі бірінші матч еді", - дейді жасөспірімнің анасы.
Қазіргі таңда бұл іс бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр екен. Ал Роналду кешірім сұрап, жанкүйерді "Манчестер Юнайтедтің" матчіне шақырды.