Роналдо тарихта ең мықты төрт футболшыны атады

Сурет: Football.ua
Бразилия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" бұрынғы шабуылшысы Роналдо футбол тарихында ең мықты деп есептейтін төрт футболшыны атады, - деп хабарлайды "Чемпионат". Экс-футболшы бұл тізімге өзін қоспады. 

"Мен үшін тарихтағы ең мықтылар рейтингінде төрт есім бар - Пеле, Марадона, Лионель Месси және Криштиану Роналду. Футбол тарихындағы ең үздік ойыншылар", - дейді Роналдо.

Мұның алдында ол "Барселона" форварды Лионель Месси, "Ливерпуль" шабуылшысы Мохамед Салах, "Реал" вингері Эден Азар және ПСЖ-да Неймар мен Килиан Мбаппе ойындарын тамашалайтынын айтқан. Алайда Роналдо ойындарын сүйіп көретін футболшылар арасында "Ювентус" пен Португалия құрамасының форварды Криштиану Роналду болмай шықты.