Роналдо мен Роберто Карлос темекі шегіп ұсталды

©сурет: getty images

Аты аңызға айналған Роналдо мен Роберто Карлостың киім ауыстыру бөлмесінде темекі шегіп тұрған суреттері интернет әлеміне тарап кетті. Әйгілі бразилиялық футболшылардың суретін Football Tweet твиттері жариялаған.

Сурет шамамен 2018 жылы Норвегия мен Бразилия ардагерлерінің арасында өткен қайырымдылық матчінің үзілісінде түсірілген. 

Еске салайық, Роналдо Бразилия құрамасының сапында әлемнің екі дүркін чемпионы. Спорттық карьерасында "Крузейро", ПСВ, "Барселона", "Интер", "Реал", "Милан" және "Коринтианс" сапында доп тепкен. 2011 жылы 34 жасында үлкен футболмен қош айтысты.

Роберто Карлос клубтық деңгейде "Интер", "Реал", "Фенербахче" және "Анжи" командаларының жейдесін киді. 1992-2006 жылдары Бразилия сапында 125 ойында 11 гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: