Бұрынғы бразилиялық шабуылшы, екі дүркін әлем чемпионы Роналдо бразилиялық "Крузейроның" 90 пайыз акциясын сатып алып, команданың жаңа иесі атанды, деп хабарлайды клуб сайты.
Роналдо аталмыш клубты сатып алу үшін шамамен 70 миллион доллар төледі.
"Крузейро" - Роналдоға тиесілі екінші клуб. Ол испаниялық "Вальядолид" клубының да иесі екенін айта кетейік.
1993 жылы Роналдо футболдағы мансабын "Крузейро" клубында бастады. Бұл командада 1993 жылдың шілдесінен 1994 жылдың тамызына дейін өнер көрсетіп, 57 гол соқты. Осындай бастамадан кейін Роналдо голландиялық ПСВ-ға ауысып, Еуропадағы мансабын бастады.