Роналдо әлем чемпионатын қай құрама ұтатынын айтты

12 желтоқсан 2022 20:12
©twitter.com/Ronaldo

Бразилия құрамасының экс шабуылшысы, әлем чемпионы Роналду Қатардағы мундиальдың басты фаворитін атады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің финалына дейін форвард Бразилия мен Франция командалары кездесетіндігін айтқан еді.

"Осы жарыстағы әр ойын сайын Франция алтынға үміткер екендігін дәлелдеп келеді. Менің ойымша, дәл осы ұжым әлем біріншілігінің басты фавориті саналады. Олардың шабуылы да, қорғанысы да мықты. Мбаппе әлемнің үздік футболшысы атануы мүмкін. Кезінде доп тепкен өзіме ұқсатам. Өз потенциалын қалай пайдалану керектігін жақсы біледі. Әріптестеріне де жақсы пастар бере алады", - дейді Роналдо.

Еске салайық, жартылай финалда Марокко мен Франция және Хорватия мен Аргентина құрамалары кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport