39 жастағы Роналдиньо алты ай бойы түрмеге тоғытылы мүмкін. Парагвай билігі осылайша футболшының қашып кетуі мүмкін қауіпі болғандықтан, осындай шара қолданған.
Айта кетейік, Роналдиньо мен оның ағасы Роберто Парагвайға 4 наурызда келген. Бразилиялықтарды қонақ үйде тінту шараларынан кейін ұстаған. Құқық қорғау органдары "Барселона" экс-ойыншысы мен оның ағасының атына берілген жалған төлқұжаттарды тапқан.
2018 жылы бразилиялық салық төлемегені үшін шетелдік төлқұжаттан айырылды. Роналдиньо сондай-ақ оның отбасы үйі орналасқан көлдің жағасында пирс салу кезінде табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 8,5 миллион риал (2,2 миллион доллардан аса) көлемінде айыппұл тағайындады.