Бразилиялық атақты футболшы Роналдиньо тарихтағы ең мықты ойыншыны атады, деп жазады Vesti.kz.
Роналдиньоның ойынша, оның отандасы Пеле тарихтағы ең мықты футболшы болған екен.
- Футбол тарихындағы ең мықты ойыншы?
- Пеле.
- Пеле немесе Лионель Месси?
- Пеле.
- Пеле немесе Роналдиньо?
- Пеле, - деп жауап берді ол.
Роналдиньо карьерасында "Гремио", "Пари Сен-Жермен", "Барселона", "Милан", "Фламенго", "Атлетико Минейро", "Керетаро", "Флуминенсе" клубтарында ойнаған. 2005 жылы ол "Алтын доп" марапатын иеленді. Ал Бразилия құрамасымен Америка кубогін (1999), әлем чемпионатын (2002) және Конфедерация кубогін (2005) жеңіп алған.