Футбол
Бүгін 10:27
 

Роналдиньо 46 жасында жаңа клуб үшін ресми матчте ассист жасады

  Пікірлер

blog.share

Роналдиньо 46 жасында жаңа клуб үшін ресми матчте ассист жасады ©Depositphotos/delmiro@gmail.com

Бразилия футболының аңызы Роналдиньо 11 жылдан кейін алғаш рет ресми матчқа қатысып, Италияның С сериясындағы 14-тур аясында "Равенна" командасына "Форлиді" 2:0 есебімен ұтуға көмектесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бразилия футболының аңызы Роналдиньо 11 жылдан кейін алғаш рет ресми матчқа қатысып, Италияның С сериясындағы 14-тур аясында "Равенна" командасына "Форлиді" 2:0 есебімен ұтуға көмектесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Роналдиньо "Равеннаның" алғашқы голына атсалысты

46 жастағы бразилиялық алаң иелерінің негізгі құрамында шықты және команданың алғашқы голы соғылған шабуылына қатысты. 36-минутта Джулио Донати Роналдиньоның нәтижелі пасынан кейін есеп ашты.

Екінші таймда аты аңызға айналған жартылай қорғаушы алмастырылды. Ал 58-минутта "Равенна" тағы бір гол соғып, кездесудің түпкілікті есебін белгіледі – 2:0.

Роналдиньо кәсіби футболға қайта оралды

Бразилиялық соңғы рет 2015 жылдың 26 қыркүйегінде "Флуминенсе" сапында ресми матчқа қатысқан. Ал 2018 жылдың қаңтарында карьерасын аяқтағанын жариялады.

2026 жылдың жазында Роналдиньо Италия чемпионатының деңгейі бойынша үшінші дивизионында өнер көрсететін "Равеннамен" келісімшартқа қол қойып, клубтың үлесін сатып алды. Команда президенті Иньяцио Чиприани бразилиялық футболшыны клубқа шақыруды көптен бергі арманының орындалуы деп атады.

Роналдиньо – 2002 жылғы әлем чемпионы және 2005 жылғы "Алтын доп" иегері. Кәсіби карьерасында ол 299 гол соққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!