Рональд Куман бұрынғы қызметіне қайта оралмақ

©"Барселона" ФК

"Барселонаның" бұрынғы тәлімгері Рональд Куман Нидерланды құрамасының бас бапкері атануы мүмкін. Ол келісімшарты 2022 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқталатын Луи ван Галдың орнын басады, деп хабарлайды NOS порталы.

Қазір жұмыссыз жүрген Куман өзінің бапкерлік құрамын жасақтауда, сондай-ақ Нидерланды футбол одағымен келіссөздер жүргізіп үлгерді. Ол қазан айының соңында "Барселонадан" кеткен болатын.

Куман 2018-2020 жылдар аралығында Нидерланды құрамасының жаттықтырушысы болған. Оные жетекшілігімен команда 2019 жылдың жазында Ұлттар лигасының финалына шығып, финалда Португалиядан 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport