Ромелу Лукаку "Интерге" оралды

©Интер ФК

"Челси" шабуылшысы Ромелу Лукаку "Интер" сапына қайта оралды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бельгия құрамасының форварды италиялық клубта 2023 жылдың жазына дейін жалда болады.

Еске салайық, Лукаку өткен жылдың жаз айында "Интерден" Лондонның "Челсиіне" 115 миллион еуроға ауысқан еді. Енді "нерадзурри" Ромелу үшін "ақсүйектерге" жылына 8 миллион еуро төлеп тұрады.

Бельгиялық қара қабылан бір жылда "Челси" сапында барлық турнирді қоса алғанда 44 матчта алаңға шығып, 15 гол соқты. Сонымен қатар, екі рет нәтижелі пас берді.

Ойыншы спорттық карьерасында "Андерлехт", "Челси", "Манчестер Юнайтед", "Эвертон", "Вест Бромвич" және "Интер" клубтарының намысын қорғаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport