"Рома" ойыншысы Джорджиньо Вейналдум командамен жексенбі күні жаттығу кезінде аяғын сындырып алды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Медициналық тексеріс кезінде футболшының жілігі сынғаны анықталды. Алдағы күні ол қосымша тексерістен өтеді.
"Рома" 31 жастағы жартылай қорғаушыны "Пари Сен-Жерменнен" жалға алған және ол жаңа клубта тек бір матч ойнады.
Transfermarkt футболшыны 18 миллион еуроға бағалап отыр.