Роман Муртазаев ӘЧ-ге іріктеу матчтеріне қатысу үшін Қазақстан құрамасына шақыртылды

©"Балтика" ФК

Ресейлік "Балтика" футбол клубының шабуылшысы Роман Муртазаев 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің қазандағы матчтеріне қатысу үшін Қазақстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Мұның алдында 28 жастағы форвард команданың кеңейтілген тізімінде болған. Алдағы уақытта Муртазаев Нұр-Сұлтанға келіп, 4 қазанда басталатын жаттығу жиындарына қатысады.

Кейінгі рет футболшы құрама сапына маусымдағы Солтүстік Македониямен жолдастық кездесуге шақыртылған.

Еске салайық, Қазақстан 9 қарашада Босния және Герцеговина, ал 12 қараша Финляндиямен өз алаңында ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар