Ресейлік кәсіпкер Роман Абрамович соңғы алты жылдың ішінде бірінші рет Forbes журналының тізімінде бай адамдардың қатарынан шығып қалды, деп жазады "Матч ТВ".
2021 жылы ресейлік кәсіпкер "Каролина Пантерз" қожайыны Дэвид Теппермен бірге сегізінші орында болған еді. Ал биыл бірінші орында бірінші сатыда "Лос-Анджелес Клипперс" командасының иегері Стив Балмер тұр.
Абрамович наурыз айының басында "Челси" командасын сатылымға қойғанын хабарлады. Ағылшын премьер-лигасының басшылары болса оны клубтың жетекшілері қатарынан шығарып жіберді.
Айта кетейік, Роман Абрамович 2003 жылы "Челси" командасын 140 миллион фунт стерлингке сатып алған еді.
Еске салайық, осы аптаның ортасында ресейлік кәсіпкердің түркиялық "Гезтепе" командасын сатып алғаны туралы хабар тарады. Бірақ түркиялық клубтың басшысы Талат Папатья оны жоққа шығарды.