Роман Абрамович "Челсиді" сатылымға шығарды

©Getty Images

"Челси" клубының басшысы Роман Абрамович лондондық клубты сатылымға шығарды. Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлімдеді.

"Әр шешімді шығарған сайын клубтың мүддесі бірінші орында тұратын. Қазіргі таңда команданың жанкүйерлері үшін, қызметкерлері мен серіктестері және демеушілер үшін ең тиімдісі сатылымға шығару болып отыр. "Челсиді" осындай жағдайда сатуым – мен үшін де ауыр болып тұр", - дейді Абрамович.

Еске салайық, 2003 жылы ресейлік миллиардер сол кездегі баға бойынша 140 миллион фунт стерлингке (233 миллион АҚШ доллары) сатып алған. Осы уақыт аралығында ақсүйектер Англия чемпионатын бес рет, Англия кубогін бес мәрте иеленген. Сонымен қатар, 2012, 2021 жылы Чемпиондар Лигасын ұтты. 2013, 2019 жылы Еуропа Лигасының жеңді. 2021 жылы Суперкубок пен клубтық әлем чемпионатының чемпионы атанды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport