"Рома" командасының шабуылшысы Эльдор Шомурадов командадан кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Sky Sport ақпараты бойынша, римдік клуб ойыншыны сатып пайда тапқысы келеді. Себебі келер жылдың жазында футболшының клубпен келісімшарт уақыты аяқталады.
Бұған дейін өзбек шабуылшысына MLS командаларының бірінен ұсыныс түскен. Transfermarkt порталы болса ойыншыны 4 млн еуроға бағалап отыр.
Эльдор Шомурадов өткен маусымда 37 матчқа қатысып, 7 гол соққан. 5 нәтижелі пас берген.
Жарнама