"Рома" Моуриньюны қызметінен босатты

©Global Look Press

"Рома" футбол клубының бас жаттықтырушысы Жозе Моуринью қызметінен кетті. Бұл туралы италиялық команданың Х әлеуметтік желісіндегі парақшасы хабарлады. 

"Жозе Моуринью және команданың техникалық мамандары клубтағы жұмысынан босатылды. Команданың жаңа жаттықтырушысы мен құрамы жақын арада хабарланатын болады", - деп жазды команда ресми мәлімдемесінде. 

Бұған дейін команданың соңғы нәтижелеріне байланысты клуб президенті Дэн Фредкин мен бас жаттықтырушы арасында келіспеушілік болған. 

"Рома" Италияның А сериясында 20 ойыннан кейін 29 ұпай жинап, 9-орында келеді. Соңғы 5 ойынның 1-де ғана жеңіске жеткен. 

Португалдық маман римдік команданың тізгінін 2021 жылы ұстаған болатын. 2021/2022 жылғы маусымда команда Конференция лигасын жеңіп алды. 2022/2023 жылғы маусымда Еуропа лигасының финалына шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport