"Манчестер Юнайтедтің" жартылай қорғаушы Неманья Матич мансабын "Ромада" жалғастырады, деп хабарлайды журналист Николо Скира.
Дереккөздің хабарлауынша, 33 жастағы сербиялық футболшы римдік клубпен 1+1 жүйесі бойынша келісімшартқа отырады.
Матич "Манчестер Юнайтедте" 2017 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді. Өткен маусымда футболшы "қызыл сойқандар" үшін 32 матчқа қатысып, 4 нәтижелі пас берді. Маусым айының соңында Неманьяның манкуниандық клубпен келісімшарт мерзімі аяқталады.
Айта кетейік, "Романың" бас бапкері Жозе Моуриньо бұған дейін "Челсиде" және "Манчестер Юнайтедте" Матичпен бірге жұмыс істеген.