"Рома" Италия чемпионатында күтпеген жерден "күйреді"

©ilmessaggero.it

"Рома" футболдан Италия чемпионатында (А сериясы) күтпеген жерден "Кремонезе" командасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

24-тур ойыны Кремоне қаласында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Алаң қожайындары сапынан Франк Тсаджут (17-минут) және Даниэль Чиофани (82, пенальти) гол салды. Ал "Рома" сапынан Леонардо Спинаццола (71-минут) жалғыз голды соқты.

Бұл ойыннан кейін "Рома" 44 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орынға тұрақтаса, 12 балл жинаған "Кремонезе" ең соңғы орыннан бір саты жоғарлап, 19-тұр. 

5 наурызда өтетін келесі турда "Рома" өз алаңында "Ювентуспен", ал келесі күні "Кремонезе" сыртта "Сассуоло" командасымен ойнайды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport