Роберт Левандовски Месси мен Роналдудың рекордын жаңартты

©"Бавария" ФК

"Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски Чемпиондар лигасындағы 80-ші голын соқты, деп хабарлайды УЕФА өзінің Twitter парақшасында.

Левандовски "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду мен "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Мессидің рекордын жаңартты. Оған Чемпиондар лигасында 80 гол соғу үшін 100 матч қажет болды. Месси аталмыш көрсеткішке 102 ойында жетсе, Роналдуға 116 ойын қажет болған.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің төртінші турындағы матчта "Бавария" өз алаңында "Бенфиканы" 5:2 есебімен жеңген болатын. Польшалық шабуылшы бұл ойында хет-трик жасады.

"Бавария" 4 ойында 12 ұпай жинап, E тобында көш бастап тұр. Ал "Бенфика" (4 ұпай) үшінші орынға табан тіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: