Роберт Левандовски жазда "Реалға" ауысып кетуге жақын болғанын айтты

©Twitter/FC Barcelona

34 жастағы "Барселонаның" шабуылшысы Роберт Левандовски жазда испаниялық тағы бір алып команда мадридтік "Реалдан" ұсыныс түскені туралы айтып берді, деп жазады Tengri Sport порталы. 

"Реал" бірнеше рет маған қызығушылық білдірді. Бірақ "Барселона" шынымен мені қатарына қосқысы келгенін көрдім де, таңдауды оңай жасадым. Карьерамда дәл осы қадамды жасау керектігін білдім. "Бавариядағы" карьерамның соңына жеткенін сездім. Сол үшін де мен "Барселонаны" таңдадым", - деді шабуылшы Sportowy порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Левандовски биыл жазда "Бавариядан" 40 миллион еуроға "Барселонаға" ауысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport