"Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски Чемпиондар лигасы тарихында қатарынан 18 матч ұтқан бірінші футболшы атанды. Бұл туралы OptaJose твиттерінде хабарланған.
Бұл екінші турдың екінші матчінде болды. Германиялықтар "Альянц-Аренада" қонақтарды 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Левандовски бұл ойында дубль жасады.
Польшалық форвардтың жеңіс сериясы 2019 жылдың 18 қыркүйегінен жалғасып келеді.
2019/20 маусымында "Бавария" ЧЛ-дегі барлық 11 матчте ұтты – Левандовски оның онына қатысты. 2020/21 маусымында польшалық шабуылшы 10 ойынның алтауына қатысты.
"Бавария" екі матчте алты ұпай жинап, Е тобында көш бастап тұр. Екінші орында "Бенфика" (4). "Динамо" (1) - үшінші, ал "Барселона" (0) соңғы.