Роберт Левандовски "Бавариямен" келісімшартты ұзартудан бас тартты

©Reuters

Мюнхэндік "Баварияның" шабуылшысы Роберт Левандовски командамен келісімшартты ұзартпауы мүмкін. Бұл туралы инсайдер Экрем Кону Twitter парақшасында жазды. 

33 жастағы шабуылшының "Бавариямен" келісімшарты келесі маусымның соңында аяқталады. Бірақ Левандовски келісімшартты ұзартудан бас тартқан. Ал польшалық футболшыға "Барселона" қызығушылық білдіруде. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, жазда Левондоскиді 35-50 миллион еуро аралығында сатып жіберуі мүмкін. 

Шабуылшы "Бавария" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Transfermarkt порталы болса Роберт Левандоскиді 50 миллион еуроға бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport